Сапар бағдарламасына сәйкес Астана қаласында Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының кездесуі және Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Екіжақты құжаттар топтамасы қабылданды. Бірлескен жобаларды іске қосу рәсімі өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысына Өзбекстан-Қазақстан достығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін салтанатты түрде табыс етті.
Басшылар Қазақстан астанасында ұлы ақын әрі ойшыл Әлішер Науаи мүсінінің ашылуына қатысты.
Бүгін Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне қатысып, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басым бағыттарына тоқталды.
Шавкат Мирзиёев аймақтағы достықты, тату көршілік пен өзара түсіністікті дамытудағы ерекше қызметі үшін Орталық Азия елдері басшыларының «Құрмет» белгісімен марапатталды.
Саммит аясында Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өтіп, онда екіжақты достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Сапар соңында жоғары мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.