Қазақстандық фермер тыңайтқыш ойлап тапты

    Қазақстанның Қызылорда облысында фермер картопты ерекше әдіспен өсірді.

    Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында тұратын азамат қарапайым қойдың жүнін тыңайтқыш ретінде пайдаланған, деп хабарлайды Kazinform 24.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, әдіс тиімді ғана емес, суды үнемдеуге де көмектеседі. Фосфор, азот, алтын күкірт, мыс, мырыш қой жүнінен ыдырағанда бөлінетін заттар. Ол топырақ пен өсімдіктерге қоректік заттардың ең құнды көзі, дейді Талғат Лекеров.

    Жаңа органикалық тыңайтқыш ерте картоп өнімін жинауға мүмкіндік берді. Шағын жерден - 300 келіге дейін өнім береді. Енді сәбізге кезек келді.

    - Август айының басында тамарқадағы картопты жинап, сәбіз ектік. Біз өнімді кеш күзде жинаймыз. Қой жүні жақсы тыңайтқыш болып табылады. Топырақта жылу мен ылғалды сақтайды. Жазда екі рет егін жинауға мүмкіндік береді. Бұл су тапшылығы бар өңіріміз үшін нағыз олжа, – дейді фермер.

    Арық, каналдар жоқ. Өсімдіктерді суару үшін бағбан тамшылатып суару технологиясын пайдаланады. Ол өз тәжірибесін ауылдастарымен бөліседі.

    – Қайта өңдеуге келмейтін қой жүні бұрын жәй ғана кәдеге жаратылатын. Енді оны тыңайтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік бар. Талғат Лекеровтың идеясын ауылымыздың өзге тұрғындары да белсенді игеруде, дейді ауыл әкімі Нұржамал Тұрсынбаева.

    Қой жүнінен жасалған тыңайтқыш минералды тыңайтқышпен бәсекеге түсе алады дейді фермер. Келесі жылы осы әдіспен экзотикалық өсімдіктер өсіру ниетінде.