Қазақстанның Тұңғыш Президенті Шавкат Мирзияевты туған күнімен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, бақ-береке, өркендеу тіледі.
Әңгімелесу барысында елдеріміз арасындағы көп қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар тұрақты нығайып келе жатқаны атап өтілді.
Аймақтағы жағдайдың дамуы жөнінде пікір алмасылды. Осы жылдың 20-21 шілдесінде Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуінің нәтижелері жоғары бағаланды.