Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Президентін құттықтады

    Билік 25 Oktabr 2021 4060

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Елбасы Өзбекстан Президентін ел болашағының маңызды шарасы жалпыхалықтық сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтап, бауырлас өзбек халқының әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

    Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және халықаралық саясат мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Сауда-экономикалық және көлік-коммуникациялық салалардағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін іске асыруға қызмет ететін ірі бірлескен жобаларды жеделдетуге ерекше назар аударылды.