Мемлекет басшысы құрылыс жобалары бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 23 Sentabr 2022 5585

    Президент Шавкат Мирзияев құрылыс жобалары таныстырылымына қатысты.

    Алдымен Олимпиада қалашығы бойынша ұсыныс жобалар қаралды. Бұл кешенде 2025 жылы Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтеді. Қалашықта халықаралық талаптарға сай олимпиадалық стадион, жабық спорт кешендері, су спорты сарайы, жаттығу алаңдары, есу бассейні салынады.

    Бұған дейінгі презентацияда Президент бұл спорт кешендері халықтың игілігі болып қала беретінін, оларды сапалы түрде салу керектігін айтқан болатын. Сондықтан жобалық және кейінгі құрылыс процестеріне осы салада үлкен тәжірибесі бар шетелдік компаниялар тартылады.

    Мемлекет басшысы спорт кешендерінің әмбебап болуының маңыздылығына тоқталды. Стадион мен ғимараттардың үстіне күн батареяларын орнату, бос жатқан жерлерге көбірек ағаш отырғызу арқылы энергияны үнемдеу бойынша ұсыныстар айтылды.

    Таныстырылымда «Жаңа Өзбекстан» университетінің жобасы да қарастырылды. Ол үшін Ташкент қаласының Мирзо Ұлықбек ауданына орын бөлініп, оқу корпустары, әкімшілік, оқытушылар мен студенттерге арналған жатақхана, асхана, кітапхана, зертхана, спорт кешенінің құрылысы жоспарланған.

    Қазір бұл ауданда Президент мектебі бар. Алдағы уақытта Президенттік білім беру мекемелері агенттігі де осында орналасады. Осылайша аудан білім саласына мамандандырылған кешен болмақ.

    - Мамандандырылған мектептер – біздің жеріміз. Оларда балаларымыз білімді, жан-жақты болып өседі. Университет осы жүйенің жалғасы болып табылады және елімізге қажетті, заманауи мамандарды дайындайды. Сондықтан барлық жағдай, озық әдістеме болуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы құрылыс жұмыстарына жергілікті құрылысшыларды көбірек тарту қажеттігін атап өтті.

    Бүгінгі презентацияда ұсынылған келесі жоба да жастарды дамытуға бағытталған. Онда, шағын аудандарда стадион, балалар алаңы, кітапхана, компьютерлік бөлме, асхана, жуыны бөлмесі және т.б. қамтыған орталықтар салу жоспарлануда.

    Президент тапсырмасына сәйкес, халықпен кеңестен кейін мұндай орталықтар салынатын орындар анықталды. Бүгінгі таңда 171 ықшам ауданда спорт алаңдарының құрылысы басталып, оның 64-і пайдалануға берілді.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылдың 11 сәуіріндегі «Жастарды елді мекендерде бұқаралық спортқа тартуды жаңа деңгейге көтеру шаралары туралы» қаулысы да осыған сай болды. Осы жарлық бойынша «Бес бастама» олимпиадасының спорттық сайыстарында 279 шағынаудан жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. Спортқа құмар жастарды марапаттау және ынталандыру ретінде осы аудандарда 3 түрлі – әмбебап, стритбол және воркаут кешен салынады.

    Сонымен қатар, спорттық инфрақұрылымы жоқ 208 ауданда стритбол және воркаут алаңдары құрылады.

    Президент Шавкат Мирзияевтің өткен жылдың желтоқсан айында Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары өте нәтижелі болған еді. Осы сапардан кейін Ташкентте медициналық кластер құру жобасы қарқын алды. Оған, Кореяның Экономикалық даму және ынтымақтастық қорының (EDCF) қолдауымен ересектерге арналған медициналық орталық, онкологиялық аурухана және университет салу жоспарланған.

    Бұл үш кешен қазіргі Балалар медициналық орталығымен бірігіп бір кластерді құрайды. Онда оқыту мен емдеудегі корей тәжірибесіне негізделген озық жүйе жолға қойылмақ. Ауруханалар барлығы 900 емделушіге арналған төсек-орын болады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

    Мемлекет басшысы аталған жоба бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берді.