Мемлекет басшысы құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты

    Билік 7 Fevral 2022 6650

    7 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев құрылыс жобаларының таныстырылымына қатысты.

    Самарқанд облысында Имам Бұхари кешені жаңадан салынып жатқаны белгілі. Оның құрылысы өткен жылы Рамазан айында басталған. Бүгінде ондағы ғимараттар бой көтеріп, безендіру жұмыстарына аз ғана уақыт қалды. Презентациядан осы кешеннің ішкі және сыртқы сызбалары көрсетілді.

    Жоба бойынша, кешен қабырғалары ұлттық нақыш және сәндік тастармен жылтырланған. Имам Бұхари кесенесі кескіндеме мен каллиграфия өнерін біріктіреді. Нысан қабырғасына көне үлгіде Құран сүрелері мен хадистері жазылған. Барлық әшекейлерде ашық, түстер көбірек қолданылады.

    Бұдан бөлек, Хорезм облысында да үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның дәйекті жалғасы ретінде Үргеніште Әл-Хорезми қалашығын салу жоспарлануда. Жоба бойынша мұнда университет, мектеп пен балабақша, ІТ-парк, ғылым және мәдениет орталықтары, спорт кешені салынады. Қала орталығында Мұхаммед әл-Хорезми алаңы бой көтеріп, ұлы ғұламаның жаңа мүсіні қойылмақ.

    Үргеніш қаласында Жалолиддин Мәңгуберді кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде ержүрек қолбасшының тамаша мүсіні бой көтерген. Қазір ескерткіш маңында 8 гектарға жуық жер абаттандырылуда.

    Оған жақын жерде 1000 орындық өнер сарайын салу жоспарда бар. Ол жерде Хорезм лезгісі дәстүрін сақтау, зерттеу және кеңінен тарату үшін заманауи жағдайлар жасалады. Түрлі іс-шаралар мен концерттер өтеді.

    2020 жыл 22 қазанда «Әскери медицина саласында кадрлар даярлаудың сапалы жаңа жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығы қабылданды. Оған сәйкес Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық академиясы құрылды.

    Қаулыда Академияның жаңа ғимараттарын салу және оқу-материалдық базасын жақсарту міндеттері белгіленген. Бүгінгі таныстырылымда осы бағыттағы жобалар туралы да ақпарат берілді. Онда оқу және емдеу ғимараттары, жатақхана, қызмет көрсету үйлері салынып, қолданыстағы нысандар жөнделіп, аумақ абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

    Мемлекет басшысы жобаларды жетілдіріп, сапалы құрылыс жүргізуді тапсырды.

    Мемлекет тарапынан спортты дамытуға үлкен көңіл бөлініп, қажетті инфрақұрылымды жасалуда. Осы мақсатта Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында Олимпиада қалашығын салу жоспарланған. 160 гектар аумақты алып жатқан қалашықта әмбебап стадион, ашық және жабық спорт кешендері, жатақхана, қонақ үй, Шыршық өзенінде ескек есу бассейні болады. Бұл инфрақұрылым ірі жарыстар өткізу және болашақ Олимпия институты үшін оқу-жаттығу базасы болады.

    Республикада туристерге кеңінен жағдай жасалуда. Атап айтқанда, Ташкент облысының Бостандық ауданында «Шарбақ» туристік-рекреациялық аймағы құрылуда. Мемлекет басшысына бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде де ақпарат берілді.

    Жоба бойынша, экотуризм нысандары «Шарбақ» су қоймасы мен Шыршық өзенінің бойында салынады. Ол үшін бірінші кезекте ыңғайлы көлік жүйесі құрылады. «Шарбақ қақпасы» және «Юсуфхана» аудандарында демалыс орындары, «Оңтүстік Хожакентте» дәстүрлі тау ауылы салынады. Ауданның көркем табиғаты мен рельефін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Бақтар, пикник алаңдары, велосипед жолдары салынады. Осындай жоба Шымған ауданында да көзделген.

    Мемлекет басшысы бұл кешендердің әмбебап болуы қажеттігін айта келе, барша отандастарымыз бен түрлі кәсіп иелеріне қолжетімді әрі қолайлы қызмет көрсетуін міндеттеді.

    Сондай-ақ Ташкент қаласын іргелес аумаққа кеңейту, жаңа аудандарды инфрақұрылымдық және көлік қызметімен қамтамасыз ету бойынша жоба тұжырымдамасы қарастырылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates