Кеше, 21 желтоқсан күні Өзбекстан басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында сөз сөйледі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттеріне Лев Толстой атындағы Халықаралық бейбітшілік сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
Бүгін Президентіміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысып, «Эрмитаж» мемлекеттік музейінің экспозициясымен танысты.
Жұмыс сапарын аяқтап Мемлекет басшысы «Пулково» халықаралық әуежайынан Ташкент қаласына қайтып оралды. Жоғары мәртебелі мейманды Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов және өзге де ресми тұлғалар шығарып салды.