Мемлекет басшысы Сырдария облысына барады

    Президент Шавкат Мирзиёев халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында 14 наурыз күні Сырдария облысына жол алды.

    Сапар барысында Мемлекет басшысы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти Нуриддин Халиқназаровпен шынайы сұхбат құрды. Әңгімелесу барысында діни-танымдық шаралар мен қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы сөз айтылды.

    Наурыздың 11-і күні күллі ислам жамағатымен бірге еліміздің мұсылмандары да бұл мүбәрәк айды қуанышпен қарсы алғаны белгілі. Ораза ұстаушылар еліміздегі тыныштық пен береке үшін Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, құлшылықтарын емін-еркін орындауда. Мешіттерде Құран оқылып, халқымызға тыныштық пен береке тілеп дұға бағышталып жатыр.

    Мүфти осынау ұлық күндерде сабырлық, мейірімділік, жомарттық қасиеттердің арта түсетінін, жерлестеріміздің де мұны сезініп, көптеген игі істер атқарып жатқанын жеткізді.

    Мемлекет басшысы осы айды жоғары деңгейде өткізуге, еліміздегі тыныштықты бағалап, мейірім атмосферасын нығайтуға өз ойын білдірді. Адам қадір-қасиетін асқақтату мақсатына сай алдағы уақытта да халқымыздың игілігін қамтамасыз етіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеміз деді.

    Кәсіпкерлікті дамыту, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтардың әлеуетін толық пайдалану арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың маңыздылығы сөз болды. Жастарды білімге, отансүйгіштікке тәрбиелеудің, оларды оқуға, еңбекке баулудың маңыздылығы туралы айтылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates