Жуырда Шавкат Мирзияев Рамазан күндері ішкі базарларда баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.

Осыған байланысты Бәсекелестік комитеті ірі сауда желілері мен  республика аумағындағы сауда кешендеріне тапсырмалар жолдады, деп хабарлады Комитеттің баспасөз қызметі.

Осыған орай:

Рамазан айы қарсаңында сұранысы күрт өсетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Бөлшек сауда желілеріне өнім беретін кәсіпорындардың баға өзгерістері, логистикалық шығындар және бағаның өсуіне әкеп соғуы мүмкін басқа да факторлар туралы Комитетті дереу хабардар ету;

Жеткізіп берушілерді негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу үшін ескерту шаралары қабылдау белгіленген.

Комитет өз өкілеттігі аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданатынын хабарлады.