Балаларда ревматизм қандай асқынуларды тудыруы мүмкін?

    Қыс мезгілі – бірқатар маусымдық аурулардың өршіп тұрған кезеңі. Солардың бірі – ревматизм. Бұл ауруға көп мектеп жасындағы балалар шалдығады және ересектерге қарағанда ұлдар мен қыздарда ауыр өтеді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің балалар кардиологы Бунёд Акбарханов аурудан қорғану туралы ақпарат берді.

    Аяқта жүріп өткізілетін созылмалы тонзиллит аурудың негізгі себебі болып табылады, – дейді маман. — Яғни, ангинаны дер кезінде емдемесе, тамақ жиі ауыратын балалар 10-14 күннен кейін ревматизмге шалдығуы мүмкін.

    —Аурудың өткір түрінде ангинадан жазылған науқасты белгілі бір уақыт өткеннен кейін, қайтадан жоғары температура мазалайды. Шынтақ, білек-алақан үсті, тізе, балтыр-аяқ буындары және дене бөліктері қызарып, ісінеді.

    10-12 күннен кейін полиартритке тән барлық белгілер жоғалады. Бірақ бұл жағдай уақытша болып, ауру кезінде жүректің бұлшықет қабаты, қақпақшалары, сыртқы қабығы зақымдалады. Бұл жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

    Ревматизмнің басқа органдар мен тіндерде, мысалы, жүйке жүйесінде де ауыр асқынуларды тудыру қаупі жоғары. Бұл жағдайда баланың аяқ-қолдары ұшады, гиперқозғыштық және тез шаршау байқалады.

    Аурудың өткір кезеңінде науқас, әдетте ауруханада емделеді. Ауруханадан шыққаннан кейін де ол ұзақ уақыт бойы дәрігердің бақылауында болады.

    Ревматизмнің белгілері: әлсіздік, тез шаршау, бозару, тәбетінің төмендеуі, кешкі температура, кейде бас ауруы, жүрек соғуы, ентігу, буындардағы тері астындағы ұсақ, қатты және ауыртпалықсыз «ревматикалық түйіндер» және қызғылт түсті бөртпелер.

    Бұл аурудан жүйке жүйесі зақымданғанда, баланың көңіл-күйі мен мінез-құлқы өзгереді, тынышсыз, ашушаң болып қалады. Оның есте сақтау қабілеті төмендейді.

    Науқас еріксіз ретсіз, өзіне тән емес әрекеттер жасайды. Көзі қысылып, бет бұлшық еттері тартылады. Нәтижесінде ол өз бетімен киініп шешіне алмайды, тіпті тамақ та іше алмайды. Сондай-ақ жүргенде қағылып, сүріне бастайды.

    Қайталанатын ревматизм кезінде ағзада иммунологиялық және биохимиялық бұзылулар байқалады, жүректегі қабыну үдерісі күшейеді.

    Ревматизмді маманның тиісті тексерулерінен кейін ғана дәл анықтауға болады. Дәрігерге дер кезінде қаралса, науқасты сәтті емдеуге болады.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates