27 октябрь күні Рига қаласында еліміздің елшісі Қадамбай Султанов, Латвия Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Анжейс Вилумсонс, мемлекеттік органдары және бизнес өкілдерінің қатысуында Өзбекстан Құрмет консулдығының салтанатты ашылуы өтті.
Ригадағы Өзбекстан Сауда үйінің басшысы, “Outdoor Media” компаниясының негізін қалаушы және директоры Владимир Гальперин еліміздің құрметті консулы болып тағайындалды. Салтанатты шарада оған тиісті консулдық патент тапсырылды.
Бұл Өзбекстанның Балтық елдеріндегі алғашқы Құрметті консулдығы.
Жаңа құрметті консул Латвияда тұратын Өзбекстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, латвиялық инвесторлар мен туристерді республикамызға тартуға, елімізде өндірілген өнімдерді Латвия мен тағы басқа Балтық елдері базарына экспортқн көбейтуде белсенді түрде қатысады. Сондай-ақ, бұл еңбек миграциясын тәртіппен ұйымдастыруға, мәдени-гуманитарлық және басқа да байланыстарды дамытуға көмектеседі.
Салтанатты шарада Рига қаласында Өзбекстанның Құрметті консулдығының ашылуы және Ташкентте Латвия инвестициялары мен даму агенттігінің өкілеттідігінің қызметін бастауы Өзбекстан мен Латвия арасындағы сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық негіздерін нығайтуға үлкен септігін тигізетіні баса айтылды.
Қазіргі уақытта шетелде еліміздің 30-ға жуық Құрметті консулдығы жұмыс істейді.