Бас консулдықтың мәліметінше, мұндай құрылымдардың кейбіреулері ізгілік бетпердесін жамылған қылмыстық топтар, лаңкестік және экстремистік әрекеттерді қаржыландыру, олардың идеологиялық орталықтарын қолдап-қуаттау сияқты мақсаттарды көздейтіні көрсетілуде.
Осыған орай, сіз құрметті азаматтарды кез келген атаудағы қайырымдылық қорларға қайырымдылық қаржыларын бағыттауда сақтыққа шақырып, осы арқылы өзіңіз білмеген жағдайда заңсыз әрекетпен қаржылық қолдау көрсетуден аулақ болуға шақырамыз.
Ескерте кетеміз, жақсылықты жасау жақындарыңызға, отбасыңызға, махалла және қоғамға көмектесуден басталады. Садақаларыңыз нағыз жақсылық пен берекеге себепші болсын, – делінген хабарларда.








