Жаңа тәртіпке сәйкес, визасыз режимде Ресейге кірген
және халықаралық жүк тасымалымен айналысатын кәсіби жүргізушілер бір
күнтізбелік жыл ішінде жалпы 180 тәулікке дейін ел аумағында бола алады.
Бұл мүмкіндік ТМД-ға мүше мемлекеттердің
азаматтарына, сондай-ақ Грузия азаматтарына қолданылады.
Қаулыға сәйкес, жүргізушілер белгіленген тәртіппен
өтініш беру арқылы осы жеңілдікті пайдалана алады.
Жаңа ережелер 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне
енеді.