Ресей 5 октябрьден бастап Өзбекстанға әуерейстердің санын көбейтеді

    Көлік 23 Sentabr 2021 999

    Ресей Федерациясы Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес Оперштабы Өзбекстан қаласына тұрақты авиақатынаулар санын артыруға рұқсат берді. Мұндай қаулы республикадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданды.

    Үстіміздегі жылғы 5 октябрьден “Мәскеу — Ташкент” бағыты бойынша әуерейстерінің саны аптасына төрт ретке дейін арттырылады, деп хабарлайды РИА Новости.

    Бұдан тыс төмендегі бағыттар бойынша жаңа әуерейстер ашылады:

    “Мәскеу —Бұхара” - аптасына 2 рет;

    “Мәскеу — Үргеніш” - аптасына 1 рет;

    “Мәскеу — Самарқант”- аптасына 2 рет;

    “Мәскеу — Наманган”- аптасына 1 рет;

    “Мәскеу — Ферғана” -аптасына 1 рет;

    “Мәскеу — Әндіжан” - аптасына 1 рет;

    “Мәскеу — Термез” - аптасына 1 рет.

    ,Барлық осы белгіленген орындарға тұрақты рейстер Ресейдің халықаралық самғаулары тіктелген барлық қалалардан ( әрбір бағыт бойынша аптасына 1 рет частотасында) рұқсат берілген.