Соңғы жылдары Ресей, Қытай, ЕО, БАӘ және Қатар арасында мигранттар үшін бәсекелестік күшейді, деп хабарлады РБК-ға РФА демография институтының директоры. Сарапшы бүгінде Ресей жұмыс күші үшін күресу қажет, деп есептейді.
Соңғы жылдары дәстүрге орай Ресейде жұмыс істейтін ТМД елдерінен барған еңбек мигранттарға көшіп өтуіне жаңа тартымды бағыттар пайда бола бастады. Бұл туралы РБК-ға интервью беруінде РФА федералдық ғылыми-зерттеу орталығының демография институтының директоры Марина Храмова түсіндірді.
«Мәселен, бүгінде Қытай еңбек мигранттары үшін өте жақсы жағдайлар ұсынылып отыр және біз Тәжікстаннан Қытайға еңбек мигранттары ағынының артқанының алғашқы белгілерін көріп отырмыз. Сонымен қатар, ТМД елдері мигранттарды жұмыспен қамту мақсатында Еуропа елдеріне көбірек қызығушылық танытып отыр. Ал өзбектер бұл үдеріске белсене тартылуда. «Араб елдері, атап айтқанда БАӘ және Қатар да Орталық Азия елдерінен көптеген мигранттарды тарта бастады», — деп атап өтті институт директоры.
Осы бәсекелестік деңгейі күшейіп жатқан бір уақытта Ресей елінің еңбек базарының тартымдылығын арттыруы қажет, деп есептейді М. Храмова.
«Ресей мигранттар үшін күресуі қажет. Әсіресе, бізге қажет білікті жұмысшылар үшін. Сондықтан оларға жұмыс беруші тарапынан қанағаттанарлық еңбек жағдайлары, жалақы, белгілі бір жеңілдіктер, мысалы, медициналық сақтандыру және т.б. ұсынылуы қажет. Жұмысшы күш үшін бәсекелестік, мейлі олар шетелдік болсын немесе өзіміздікі, күрт артып келеді», - дейді сарапшы.