«Узгидромет» агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23-27 май күндері күтілетін жаңбырға байланысты республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында су тасқыны қаупі жарияланды.

Сонымен қатар:

Қашқадария облысы:

Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамаши, Ғузар аудандарында;

Сұрхандария облысы:

Сариосия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Музрабод аудандарында;

Жызақ облысы:

Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;

Ташкент облысы:

Ахангарон, Бостандық, Паркент, Пискент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

Наманган облысы:

Поп, Косонсай, Чартақ, Чуст, Наманган, Жаңақорған аудандарында;

Ферғана облысы:

Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандарында;

Әндіжан облысы:

Әндіжан, Асака, Жалақұдұк, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында су-сел тасқыны болуы мүмкін.

 «Республиканың кейбір өңірлерінде жаңбыр суының жиналып қалуы мүмкін, соның салдарынан аумақтарды су басуға әкеледі», - делінген хабарда.