Атап айтқанда, 10 август пен 10 сентябрь аралығында «Халықаралық мүсіншілер симпозиумы», 5-19  август аралығында «Самарқант ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер суретшілерінің көзқарасымен» атты көрмесі, 15-29 август аралығында «Самарқант ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жетекші фотосуретшілерінің көзқарасымен»  атты фотокөрмесі өтеді.

ШЫҰ аясында өтетін бұл шараларға 8 шетелдік (Ресей, Қытай, Иран, Үндістан, Грузия, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан) және 6 жергілікті мүсінші қатысады деп күтілуде.

«Самарқант ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер суретшілерінің көзқарасымен» көрмесіне 32 шетелдік және 4 жергілікті суретші, «Самарқант ШЫҰ-ға мүше елдердің жетекші фотосуретшілерінің көзқарасымен» атты  фотокөрмесіне 16 шетелдік және 2 жергілікті танымал фотосуретшілер шақырылды.