Самарқант қаласының жасы 3000 жыл деп қайта есептелді

    Бұл туралы кеше өткен Халық депутаттары Самарқант облыстық Кеңесінің кезектегі сессиясында қаулы қабылдады.

    Биылғы жылдың басында облыс әкімінің бастамасымен Самарқант қаласының тарихы, мәдениеті, сәулеткерлік және археологиялық жәдігерліктерді зерделеу мақсатында әкімшілік жанынан қоғамдық кеңес құрылды.

    Белгілі тарихшы мен археолог ғалымдар, зиялылардан құралған кеңес мүшелері бірнеше бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Самарқанд қаласының жасын анықтауға жауапты топ Афросияб және Көктепа жәдігерліктерінде, сондай-ақ қазіргі Көксарай алаңының орнында орналасқан Әмір Темір аркта ғылымиаралық зерттеу әдістерін қолдана отырып, кешенді қазба жұмыстарын жүргізді.

    —Самарқанттың көне орны мен жасын зерттеу 150 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп, қаланың алғаш 1500 жыл бұрын, содан кейін 2000 жыл бұрын, 1970 жылы 2500 жыл бұрын пайда болғаны туралы қорытындылар жасалды», - деді сессияда сөз алған Самарқант – 2000 жылдары Өзбекстан-Франция біріккен экспедициясы жаңа деректерді анықтады және Самарқанттың жасы 2750 жыл екенін растады. Дегенмен, бұл да соңғы қорытынды емес, сондықтан қаланың хронологиясы бойынша зерттеулер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Атап айтқанда, биылғы қазба деректері Самарқант қаласынан 25 шақырым жердегі Көктепа жәдігерлігінде 1993-2006 жылдары жүргізілген қазба жұмыстардың талдау негізінде мамандар тарапынан жаңа тың көзқарастарды қалыптастырды.

    Өзбекстан-Франция біріккен экспедиция мүшелері М.Исомиддинов, Клод Рапен, М.Хасанов осы уақытқа дейін Көктепа мен Афросиабтан табылған материалдарды қайта талдау арқылы Самарқант қаласының қалыптасу кезеңі 3000 жылға тең екендігі жөнінде өз ойларын айтуда.

    Біздің дәуірімізге дейінгі І мың жылдықтың басында, яғни 3000 жыл бұрын мұнда үлкен қала әкімінің ғимараты мен ғибадатханасы бар қала қалыптасқаны айтылуда. Бұл жағдай «Авестада» айтылған «Гава Суғуда» және «Суғуд» ұғымдарына сәйкес келеді. Онда «Гава Суғуда» — егіншілік аймағын, «Суғуд» — әкімшілік орталық дегенді білдіреді.

    Дәл осы орталық Көктепа болғандығы айтылуда. Біздің дәуіріміз VII-VI ғасырларға қарай Суғдтың орталығы қазіргі Афросияб төбесі орнына көшіріледі. Үстіміздегі жылдың март айында Афросияб ескерткішінің бірнеше нүктесінде, соның ішінде арк және шахристан бөлігінде, яғни қорғаныс қабырғасының маңында ауқымды қазба жұмыстары жүргізілді.

    Қазба жұмыстары кезінде көне қорғаныс қабырғасының табиғи лесс қабаты үстіне гувалак түрдегі шикі кірпіштен салынғаны анықталды. Зерттеулер нәтижесінде осы қабырғаның батысқа қарай 22 метрге дейін созылып жатқан жаңа бөлігі анықталды. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырлардағы арктың сәулеткерлік жоспарына анықтық енгізу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, Арк аумағынан біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырлар мен XII ғасырға жататын заттар табылды.

    Қабырға астындағы қабаттардан карамикалық сынықтар, жануар сүйектері мен органикалық заттары бар археологиялық материалдар анықталды. 7 метрден астам тереңдікте біздің дәуірімізге дейінгі VII-IV ғасырларға жататын күрделі қорғаныс жүйесі ашылып, зерттелді. Екі қазбадан алынған археоботаник және археологиялық табылған заттарды Франция, Германия және Жапония зертханаларына сараптамаға жіберілді.

    Қазірде олардың сараптамасы жүргізілуде. Осы уақытқа дейін жиналған ғылыми деректер тиісті мекемелерге, соның ішінде Өзбекстан Ғылым академиясы, Мәдени мұра агенттігі жанындағы ғылыми кеңеске жіберіліп, олардың оң қорытындылары алынды.

    Сессияда Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы, Самарқант археология институты және халықаралық серіктес ұйымдар тарапынан жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Самарқант қаласының алғашқы урбанизациясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың жылдықтың соңы және І-мың жылдықтың басына қатысты екендігі туралы зерттеу материалдарды ақпарат үшін қабылдау, Афросияб пен Көктепа аумақтарында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылған сирек кездесетін жәдігерліктер, ғылыми мәліметтер мен құжаттарды тиісті министрлік пен кеңселерге ұсыну бойынша қаулы қабылдады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates