Осы шара аясында Самарқант облысттық Туризм басқармасы тарапынан облыстың туристік әлеуеті туралы тұсаукесер. Шараға қатысқан Жапонияның әйгілі туризм саласының өкілдері Самарқанттың туристік мүмкіндіктерімен жақыннан танысты.
Шара барысында Самарқант облысының мәдени бағдарламалары мен көркем қойылымдары ұсынылып, қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Бұл көрсетілімдер жапондық қонақтардың үлкен қызығушылығын оятты.
Самарқант облыстық Туризм басқармасы мен Жапонияның Нара префектурасындағы жетекші туристік компаниялар арасында келіссөздер жүргізілді. Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.








