Бұған дейін бүйрек трансплантациясы отасын еліміздің  Ташкент қаласындағы Республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығы мен В.Вохидов атындағы  Республикалық мамандандырылған хурургиялық ғылыми-практикалық медицина орталығында жүзеге асырылған.

Үш сағатқа жалғасқан, Самарқанттағы алғаш бүйрек трансплантациясы нәтижелі жүзеге асырылды. Бұлұнғурлық 31 жастағы О.Хужақулов көп жылдардан бері бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Бүгінде оған інісі М.Хужақулов бір бүйрегін берді. Ең маңыздысы, екеуінің де жағдайы жақсы,  олар медициналық стандарттар негізінде дәрігерлер бақылауында. Операция столына жатқызылатын тағы бір науқас 19 жастағы Шохсанам Шоназарова. Ол да бірнеше жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен күресіп келген. Соңғы кезде жағдайы ауыр болғандықтан 2010 жылы оған ота жасалып,  сол бүйрегі алып тасталған.  Ол бір жылдан бері  тұрақты гемодиализ емін алуға мәжбүр болған. Қазірде Шахсанамнің анасы Ш.Саломова барлық тексерулерден өткізіліп,  нақтамалардың нәтижесінде оның денсаулығы мықты екені анықталып, енді қызына донор болуда.

 Одан кейінгі науқасымыз Шерзод Болиев. Қазірде Шерзод та операцияға дайындық жасауда. Иштихонның  “Охунбобоев” ауылдық азаматтар жиыныда тұратын 19 жастағы науқас жарты жылдан бері гемодиализ аппаратына “байланып” жасап жатқан еді. Ш.Болиевқа анасы С.Худаярова бір бүйрегін беруде. Ол отадан соң баласы Шерзодбектің өзі таңдаған саласында жетістікерге қол жеткізуін, қоғамда өз орнын табуын қалайды.