Самарқантта ТМД Парламентаралық ассамблеясының күзгі сессиясы ашылды

    Шараларға ТМД ПА-ға мүше елдер парламенттері делегацияларының басшылары мен мүшелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, жалпы 500-ден астам адам қатысуда.

    Сессия жұмысын Ассамблеяның мәдениет, ақпарат, туризм және спорт, аграрлық саясат, табиғи ресурстар мен экология, саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық бойынша тұрақты комиссиялардың жиналысы ашты.

    Достастық мемлекеттер жастар парламенттерінің мүшелері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар Парламентаралық Ассамблеясының мәжілісінде бас қосады.

    Сондай-ақ бүгін ТМД ПА Кеңесінің мәжілісі де өтеді. Парламент делегацияларының басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды, 2022 жылы өтетін шаралардың нәтижелерін қорытындылайды, ТМД елдеріндегі сайлау кампанияларының мониторингі туралы ақпаратты тыңдайды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.