Самарқантта Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлері кездесті

    Үстіміздегі жылдың 22 октябрьде Самарқант қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан аумақаралық форумы аясында Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің кездесуі өтті.

    Делегациялар құрамында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, министрліктердің, кеңселері, облыстар әкімшілітері және екі елдің 200-ден астам ірі компанияларының басшылары қатысты.

    Лазиз Қудратов өзінің құттықтау сөзінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі тату көршілік, өзара ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары екіжақты сауда-экономикалық байланыстарға оң әсер етіп отырғанын атап өтті.

    Соңғы жеті жылда сауда көлемі 2 миллиард доллардан 2023 жылы 4,4 миллиард долларға дейін өсті. Үсіміздегі жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 3 миллиард долларды құрады. Өзбекстанда Қазақстан капиталдың қатысуымен азық-түлік және тоқымашылық өнімдерін, құрылыс материалдарын қайта өңдеу және өндіру және басқа да салаларда 1100-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп келеді.

    Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты аумақаралық деңгейде дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп желісі, тоқымашылық бұйымдары мен халық тұтынатын тауарлар өндіріу, тәжірибе мен технологиялар алмасу болашақтағы бағыт ретінде белгіленді. Сырдария облысында «Орталық Азия» өндірістік кооперациясы халықаралық орталығының қызметі жолға қойылғанына байланысты кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер ашылуда.

    Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі жобаларын жүзеге асырудың барлық басқыштарында жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аумақаралық ынтымақтастықтың өзара дамуын, атап айтқанда, Форум қарсаңында кәсіпкерлердің екі елдің ынтымақтас аумақтарына өзара сапарларының нәтижелерін жоғары бағалады және кәсіпкерлерді белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Қазақстан аймақтары арасындағы тікелей ынтымақтастықты жақсартуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара дайын өнімді жеткізіп беру көлемін арттыруға бағытталған 33 келісімге қол қою рәсімі сондай-ақ B2B келіссөздері өтті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates