Самарқантта азық-түлік өнеркәсібі саласында ірі жоба жүзеге асты

    Ағымдағы жылдың 15 майда Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Самарқант облысындағы “Coca-Cola” алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының ашылу салтанатына қатысты.

    Шараға сондай-ақ “The Coca-Cola” компаниясының төрағасы және бас директоры Жеймс Куиней мен “ANADOLU GROUP” басқару төрағасы Тунай Озилхан да қатысты.

    Мәлімет ретінде: бүгінде “Coca-Cola” компаниясының Ташкент, Үргеніш қалаларында және Наманган облысында жалпы құны 500 миллион долларлық болатын 3 зауыт қызмет көрсетуде. 1 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашыған. Жыл сайын шамамен 171 миллион unit case шығарылады, бұл 900 миллион литрден астам сусындар.

    Пайдалануға берілген 80 миллион долларлық жаңа кәсіпорынның ауданы 18,5 гектарды құрайды. Мұнда жылына 280 миллион литр сусын шығарылады, 200 жұмыс орны ашылды.

    Компанияның 2025 жылдың март айында Наманган қаласында 50 миллион долларлық жаңа желіні іске қосу бойынша жоспарлары да жариялады. Сонымен қатар еліміздің азық-тұлік өнеркәсібіне инвестиция тартып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы айтылды.

    Өз кезегінде, «The Coca-Cola» және «ANADOLU GROUP» басшылары Өзбекстанда шетелдік инвесторлардың ұзақ мерзімді жобаларды сенімді түрде жүзеге асыруы үшін жасалған инвестициялық ортаны жоғары бағалады, елімізде өз бизнесін одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates