Самарқанттың туристік мүмкіндіктері Канадада насихатталуда

    Туризм 7 Noyabr 2023 1536

    Туризм комитетінің бастамасымен Самарқант қаласының туристік мүмкіндіктерін бүкіл әлемге кеңінен насихаттау мақсатында Самарқант облысының делегациясы беделді «Montreal International Tourism and Travel Show – 2023» халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуда.

    Канада елінде өтіп жатқан халықаралық шараға Самарқант облысының делегациясы облысқа шетелдік туристерді тарту және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында өз өнімдері мен туристік қызметтерін көрсетуде.

    Атап айтқанда, делегация мүшелері шетелдік туристік компаниялармен және шетелдік туристік агенттіктердің өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

    Кездесулер барысында шетелдіктерге Самарқант облысының туристік әлеуеті, халықаралық әуежайдың мүмкіндіктері, туризм саласында кадрлар даярлау бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар, саяхатшылар үшін облыста жасалған инфрақұрылым нысандары және өзбек халқының бай тарихи-мәдени мұрасы туралы толық ақпарат берілуде.

    Ақпарат үшін, 33 рет ұйымдастырылып отырған «Монреаль халықаралық туризм және саяхат көрмесі – 2023» «Montreal International Tourism and Travel Show – 2023» халықаралық тризм көрмесі Америка құрлығында ұйымдастырылған ең ірі туристік көрмелерінің бірі саналады. Бұл туристік көрмеге әлемнің 100-ден астам елінен 50 000-ға жуық туризм саласының өкілдері өз тұсаукесерлерімен қатысуда, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.