баннер
27 Apr 2025
06:16

    Мемлекет басшысы құттықтау жолдағандарға алғыс айтты

    Туған күніме орай құттықтап, шынайы ізгі тілектерін жолдаған шет мемлекеттер, үкімет және парламенттер басшыларына, саяси және қоғам қайраткерлері, іскер топ өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, жергілікті тұрғындар мен еліміздің еңбек ұжымдарына, сондай-ақ шын жүректен құттықтауларын жолдаған барлық отандастарыма шексіз алғысымды білдіремін.

    Менің құрметіме айтылған бұл құттықтаулар мен тілектерді, ең алдымен, Өзбекстан халқы мен мемлекетіне деген жоғары құрмет, елімізде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформаларға және еліміздің жарқын болашағына сенім көрінісі ретінде қабылдаймын.

    Осы сәтті пайдалана отырып, еңбекқор, көңілі дархан халқымызға шексіз перзенттік махаббатым мен құрметімді білдіремін.

    Еліміздің жанкешті еңбегімен, орасан құрылыс әлеуеті және ынтымағымен Жаңа Өзбекстанды құру жолында алдымызға қойған ұлы мақсаттарға міндетті түрде жететінімізге сенімдімін.

    Шексіз құрметпен,

    Шавкат Мирзиёев,

    Өзбекстан Республикасы Президенті

    Мы в Телеграм
    Text to speech