Дауыс беру алдында Министрлер Кабинеті ресми түрде отставкаға кетті. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Жапония үкіметінде ешқандай өзгерістер жоспарланбағаны туралы хабарлаған еді.

Ақпан айының басында кезектен тыс, парламент сайлаулары жарияланған болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша Такаичидің партиясы төменгі палатадағы орындардың үштен екісінен көбін иеленді. Абсолюттік көпшілік коалицияға алдағы уақытта жоғарғы палатаның қолдауынсыз өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

Премьер-министр ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, әскери шығындарды арттыруға, сондай-ақ экономиканы ынталандыру және салық жүктемесін азайту шараларына ерекше назар аударып отыр, деп хабарлайды 24.kz.