Мемлекет басшысы өнеркәсіп көрмесі және жаңа инвестициялық жобалармен танысты

    Билік 31 May 2024 1815

    Мемлекет басшысы Бұхара облысының өнеркәсіп көрмесі және жаңа инвестициялық жобалармен танысты.

    Өнеркәсіп салаларында өндірілген өнімдер мен жоспарланған жобалар таныстырылды.

    Атаулы көрмеде жылу жүйелеріне арналған үлкенді-кішілі қазандықтар, ауыр және жеңіл өнеркәсіпке арналған бөлшектер, әртүрлі көлемдегі және сыйымдылықтағы тоңазытқыштар, электр жабдықтары, мотоциклдер таныстырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды реттеу тетігі көрсетілді.

    Кейінгі жеті жылда облысқа 4 миллиард долларға жуық инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде 90 мың жұмыс орны ашылып, 1 миллиард 800 миллион доллар экспорттық мүмкіндік жасалған. Биыл облыста жалпы құны 1 миллиард 300 миллион долларды құрайтын 607 жоба жүзеге асырылуда.

    Бұхара облысында шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жалпы құны 14 миллиард долларды құрайтын 80 жоба жасалған. Оның 4 миллиард долларлық 14-і инвесторлар мен сала басшылары бірлесіп тұсаукесер жасады.

    Мұндағы жобаларға Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің компаниялары инвестиция салуда. Жобалар құрылыс материалдары, электротехника, химия, тоқыма, тамақ, фармацевтика, медицина, тау-кен өнеркәсібі, балық шаруашылығы және басқа да салаларды қамтиды.

    Мысалы, Қытаймен ынтымақтастықта «Ғиждувон» ауданында қуаты 600 МВт жел электр станциясын салу, малайзиялық инвестор тарапынан «Пешку» ауданында графит кенішін игеру және электр самокаттарына арналған аккумуляторлар шығаруды ұйымдастыру, ал ирандық инвесторлар Бұхара ауданында химиялық кластер құру жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

    Осынау 80 жобаны іске қосу нәтижесінде 22 мың 200-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылады.

    Мемлекет басшысы қосымша құнды өнімді және жергіліктендіруді ұлғайту, қызмет көрсету саласын дамыту бойынша қосымша тапсырмалар берді.