Мемлекет басшысы өңірлердегі өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Билік 25 Dekabr 2023 3977

    Президент Шавкат Мирзиёев 25 желтоқсанда өңірлердегі электротехника, химия және фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Саладағы құрылымдық өзгерістер мен жасалған жағдайдың нәтижесінде кейінгі бес жылда аталған үш салада өндіріс көлемі 2,6 есеге өсіп, олардың саладағы үлесі 7 пайызға жетті. Сондай-ақ жаңа өнімнің 231 түрі игеріліп, экспорт 1,6 млрд долларды құрады.

    Биылдың өзінде электротехника саласында 163 миллион долларға 39 кәсіпорын, химия өнеркәсібінде 70 миллион долларға 17 кәсіпорын, фармацевтика саласында 87 миллион долларға 57 кәсіпорын іске қосылды.

    Дегенмен, бұл салаларда әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктер көп. Ішкі нарықты отандық өніммен толтыру электротехникада 50 пайызға, химия өнеркәсібінде 40 пайызға, фармацевтикада 18 пайызға да жетпейді.

    Өңірлерде құрылған аймақтар мен өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктері жеткілікті түрде пайдаланылмай отыр. 116 кәсіпорынға әкелінген 85 миллион доллардың өнеркәсіптік құрал-жабдықтары іске қосылмаған. 727 кәсіпорын толық қуатында жұмыс істемей тұр.

    Жиында мұндай кемшіліктер сыни тұрғыдан сараланып, кезек күттірмейтін міндеттер белгіленді.

    – Әкімдіктер өнеркәсіп салаларымен тығыз байланыста жұмыс істеп, аймақтарда экономиканы әртараптандыру, жобаларды көбейту қажет. Сонда ғана экономика өседі, жұмыс орындары ашылады, бюджетке кіріс болады, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Алдағы жылы осы 3 секторда құны 12 миллиард 700 миллион доллар болатын 24 ірі жоба іске қосылатыны айтылды. Олардың қатарында «Науаиазоттағы» поливинилхлорид пен Қоңыраттағы кальцийленген сода қуатын кеңейту, Қаракөлде метанолдан олефин өндіру, Самарқандта тұрмыстық техника мен автокөліктерге арналған металл қаңылтырлар өндірісі бар.

    емлекет басшысы осы жобаларға қажетті құрылыс материалдары мен жабдықтарды жеткізуге жергілікті кәсіпорындарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

    Сондай-ақ, желі мен өңірлер бірлесіп жұмыс істеп, электротехникада құны 2,1 млрд доллар болатын 190 жоба, химия өнеркәсібінде 3,8 млрд долларды құрайтын 139 жоба, фармацевтика саласында құны 1,5 млрд доллар болатын 110 орта және шағын жобалар қалыптастырды. Жиында Президент олардың қуатына, жасалатын өнім түрі мен жұмыс орнына назар аударып, жобаларды жеделдетіп, тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

    Жауапты азаматтар жобаның орындалуы, өңірлер мен секторлардың өзара байланысты жұмыс жүйесі туралы ақпарат берді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates