Бұл туралы  «Journal for ImmunoTherapy Cancer»  баспасында  хабарланды.

Онда айтылуынша,  аталмыш паразит  үй иесінің ағзасы жасушаларында өмір сүретіні және адамның иммундық жүйесін қорғайтын көп мөлшерде ақуыз бөлетіні айтылады.

Тәжірибе барысында паразиттің мутантты штамы иньекцияның  құрамында тышқандардың обыр клеткаларына иммундық реакциясын қозғамай енгізілді. Кейіннен  неоплазманың  өсуі бәсеңдеп, кемірушілердің аман қалу деңгейінің жоғарылағаны байқалды.

Дәрігерлер бұл әдіс қуық асты безі  обыры мен балаларда көптеп кездесетін қатерлі ісіктерді емдеуде пайдалы болады деп үміттенеді, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін АҚШ-тың  Массачусетс  технологиялық  институтының  ғалымдары химиятерапия мен иммунотерапияның үйлесімі негізінде қатерлі ісік ауруын емдеудің әдісін тапқан болатын. Оның айтуынша, зақымдалған және алып тасталған обыр жасушалары  ісікке қайта енгізіледі, иммундық жүйені белсендіруге қызмет ете алады.