Сауда-өнеркәсіп палатасының міндеттері кеңейтілді

    Бизнес 24 Yanvar 2023 1738

    Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 январындағы «Сауда-өнеркәсіп палатасының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша қосымша іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданды.

    Осы қаулыға сәйкес Сауда-өнеркәсіп палатасы мыналарға құқылы:

    - Үкімет іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту, бизнестің дамуына тосқауылдық жасаған немесе оны шектеген НҚҚ-тарға өзгерістер мен қосымшаларды енгізу, сондай-ақ оларды жою туралы қаралуы міндетті болған мәселелерді енгізу;

    - Палата мүшелерінің мүддесін ескере отырып Жоғары сотқа арыз беру және экономикалық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы шағым беру;

    - Олий Мажлисте, Президент Админстрациясында, Министрлер Кабинетінде, министрліктер мен кеңселерде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіру;

    - бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық көрсетулерді ұйымдастыру және т.б.

    2023 жылдың 1 февралынан бастап:

    - микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Палатаның мүшелігіне, мүшелікке кіру жарналарынан босатылады және тегін қабылданады сондай-ақ заңдылықта көзделген мүшелікке байланысты Палата қыметтерінен толық пайдалану құқына ие, Палата тарапынан көрсетілуі мүмкін болған қосымша ақылы қызметтер бұған қатысты емес;

    - кәсiпкерлiк субъектiлердi мемлекеттiк тiркеуден өткізетін орган тарапынан мемлекеттік тіркеуден өткен кәсiпкерлiк субъектiлері туралы мәліметтер мүше ретінде тіркеуге қою үшін Палатаға электронды жүйе арқылы жіберіледі;

    - Олий Мажлис құзырындағы Қоғамдық қор және аймақтық азаматтық қоғамын қолдап-қуаттау қоғамдық қорлары есебінен Палатаға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік субсидиялар бөлу жүйесі енгізіледі.

    Палата кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерінде Өзбекстанның соттарына берілген арыздар, талап-арыздар мен апелляциялық және кассациялық шағымдары бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

    Сонымен қатар, халықаралық гранттық жобаларды іске асыруға Палатаға ұлттық серіктесті бекіту туралы талап қолданылмайды.

    Мемлекеттік органдар мен кеңселер тарапынан кәсіпкерлікке қатысты барлық сыртқы қайтарымсыз көмек жобаларын іске асыруға Палата жоба серіктесі ретінде қатысады.

    Палатаның тармақтармен тікелей жұмыс істеуі үшін оның құзырында жұртшылық негізінде тармақтар кесімінде комитеттер құрылады.

    Кәсіпкерлермен жер-жерлерде тікелей байланысты орнату мақсатында Палатаның аумақтық басқармалары жанынан жұртшылық негізінде кем дегенде 20 озық кәсіпкерлерден құралған Кәсіпкерлік кеңестері құрылады.

    Құжатпен республика аумақтарында құрылатын «Кәсіпкерлер аллеясының» тізімі бекітілді, ол жерде кәсіпкерлер, банк өкілдері, инвесторлардың бизнес жобаларын талқылау және «В2В» шаралары өткізіледі, деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates