Сайлау күні электронды дауыс беру тәртібі сынақтан өтеді

    Елімізде маңызды саяси шараға – Өзбекстан Республикасының Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттығына 2024 жылдың 27 октябрьде өтетін сайлауларға қызу дайындық үстіндеміз.

    Үстіміздегі жылдың 12 октябрь күні өтетін Орталық сайлау комиссиясының кезектегі мәжілісінде тәжірибе-сынақ ретінде кейбір сайлау учаскелерінде электронда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісін онлайн түрде бейне-трансляция жасау бойынша іс-шараларды белгілеу, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушыларын аккредитациядан өткізу, сайлау компаниясы барысында келіп түскен өтініштерді қарау, сондай-ақ Әндіжан және Хорезм облыстарында сайлауларға дайындық көру және өткізу бойынша жүргізіліп жатқан істерге байланысты мәселелер қаралды.

    Мәжіліс барысында сайлаушыларға қолайлылық жасау мақсатында еліміздің тарихында алғаш рет кейбір сайлау учаскелерінде сайлау күні электронды дауыс беру тәртібін сынақтан өткізу мәселесі қаралды.

    Биылғы сайлауларда сынақтан өткізу жоспарланған электронды дауыс беру құрылғылары 37 шет елдерде (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Бразилия, Сингапур, Австралия және т.б.) пайдаланған, олар арқылы 6,5 миллиардтан астам сайлаушы осы уақытқа дейін дауыс берген.

    Электрондық дауыс беру тәртібі дауыс беру және сайлау нәтижелерін жедел анықтауға, дауыс беру үдерістерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, сайлау комиссияларының жұмыс көлемін оңтайландыруға қызмет ететінін атап өткен жөн.

    Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы Ташкент қаласының аумағында орналасқан кейбір сайлау учаскелерінде сайлау күні электронды дауыс беру тәртібін сынақтан өткізу туралы қаулы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, электронды дауыс беру тәртібі сынақтан өтетін сайлау учаскелерінде сайлаушылар дауыс берудің дәстүрлі немесе электронды формасын тәуелсіз таңдауға құқылы.

    Сонымен қатар, электронды дауыс беру құрылғылары арқылы бюллетенді толтыру тәртібі және комиссияның қаулысымен бекітілді.

    Сондай-ақ мәжілісте сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерістерін Интернет желісі арқылы онлайн-трансляциялауды, биылғы сайлауларда да қолдану мәселесі қаралды.

    Мәжілісте Интернет желісі арқылы онлайн трансляциялау бойынша тиісті техникалық талаптарға сәйкес болған сайлау учаскелерінде сайлау үдерісін бейне-трансляциялау бойынша нақты шаралар белгілеп беріледі және тиісті қаулы қабылданды.

    Баршаға мәлім, “Е-saylov” ақпараттық жүйесі арқылы шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеуге байланысты өтініштер қабылдау жалғасуда.

    Осыған байланысты мәжілісте халықаралық ұйымдар сондай-ақ шет мемлекеттердің бақылаушыларын аккредитациядан өткізу туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы қабылданды.

    Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates