2024 жылдың 27 октябрь күні Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттарының сайлауы өтті. Парламент сайлауы мемлекет тарихында алғаш рет аралас сайлау жүйесі — мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйесі негізінде өткізілді.
Бүгін, 28 октябрь күні Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз орталығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Низомхужаевтың қатысуымен өткен шарада сайлау қорытындыларының алғашқы нәтижелері жарияланды.
Мәлім болуынша, сайлауға 15 миллион 27 мың 529 сайлаушы немесе жалпы сайлаушылардың 74,72 пайызы дауыс беруге қатысқан.
Өзбекстанның 40 шет елдегі дипломатиялық өкілетіктерінде 57 сайлау учаскесі құрылған еді. Шетелде дауыс бергендердің жалпы саны – 140 388 жуық адамды құрайды.
Алғашқы мәліметтерге орай, Бірыңғай сайлау округі бойынша Олий Мажлистің Заң шығарушы палатасына депутаттар сайлауының нәтижелері төмендегідей болды:
Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясы – 5 миллион 194 мың 41 немесе 34,75 пайыз дауыс жинады, бөлгенде 26 депутаттық орынға ие болды;
Өзбекстанның “Миллий тикланиш” демократиялық партиясы – 2 миллион 812 мың 493 немесе 18,82 пайыз дауыс жинап, бөлгенде 14 депутаттық орынға ие болды;
Өзбекстанның Экологиялық партиясы – 1 миллион 960 мың 764 немесе 13,12 пайыз дауыс жинап және бөлгенде 10 депутаттық орынға ие болды;
Өзбекстан Халық демократиялық партиясы – 2 миллион 558 мың 16 немесе 17,11 пайыз және бөлгенде 13 депутаттық орынға ие болды;
Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы 2 миллион 420 мың 857 немесе 16,20 пайыз жинап, бөлгенде 12 депутаттық орынға ие болды.
Сайлауда бір мандатты сайлау округтары бойынша дауыс беруде қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
Бір мандатты сайлау округтері бойынша Заң шығару палатасына сайланған 75 депутаттың құрамының партиялық қатыстылығы төмендегідей:
Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстан Либералдық-демократиялық партиясы – 38 адам,
Өзбекстан “Миллий тикланиш” демократиялық партиясы – 15, Өзбекстанның Экологиялық партиясы – 6,
Өзбекстан Халық-демократиялық партиясы – 7,
Өзбекстан «Адолат» социал-демократиялық партиясы – 9 депутат сайланды.
Екі сайлау жүйесі бойынша, яғни, депутаттыққа кандидаттарға мен партияларға берілген дауыстар бойынша Заң шығару палатасына сайланған жалпы 150 жуық депутаттар құрамының партиялық партияға қатыстылығы мынадай:
Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстан Либералдық-демократиялық партиясынан – 64 орын немесе 42,7 пайыз,
Өзбекстан “Миллий тикланиш” демократиялық партиясынан – 29 орын немесе 19,3 пайыз,
Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясынан – 21 орын немесе 14 пайыз,
Өзбекстан Халықтық Демократиялық партиясынан – 20 орын немесе 13,3 пайыз,
Өзбекстанның Экологиялық партиясынан – 16 орын немесе 10,7 пайыз
Ескертеміз, еліміздің тарихында алғаш рет аралас сайлау жүйесінен пайдалана отырып сайлаулар өткізілді.