Сейхунабатта 6 мың тонна май өндіретін қуатқа ие кәсіпорын жұмыс бастады

    Өнеркәсіп 8 Sentabr 2021 1028

    Сейхунабат ауданындағы “Пахтакон” махалласында “Sayxun gold oil” ЖШҚ тарапынан өсімдік майын өндіру кәсіпорны құрылып, пайдалануға тапсырылды.

    Құны 2 миллион доллар болған, жылына 30 мың тонна мақта шитінен қайта өңдеуге арналған кәсіпорында 6 мың тонна сапалы май өнімі алынады. Ендігіде тағы 70-ден астам азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтқан жөн. Бұл өз-өзінен аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына, олардың табыстарының артуына қызмет етеді, деп хабарлады Сауда -өнеркәсіп палатасының ақпарат қызметі.

    Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғофуржон Мирзаев, аудандық сектор басшылары, облыс және аудан ұйымдарының басшылары мен ардагерлер қатысты.

    Шарада облыс әкімі Ғофуржон Мирзаев сөз сөйлеп, кәсіпорын қызметіне сәттілік тіледі және мұндай жобалардың іске қосылуы, жүргізілген жасампаздық істердің, өзгерістер, жаңалықтардың күн сайын артып жатқаны еліміз өркениеті жолында қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

    Президентіміздің бастамасы және тапсырмалары негізінде жүзеге асырылған дәйекті реформалар жақсы нәтиже беруде. Бір ғана кластер жүйесінің енгізілгенін және бұл жүйе бүгінде өзін толық өтеп келе жатқанын осы кәсіпорын мысалынан да көру мүмкін.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates