2022 жылғы 1 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева  елімізге сапармен келген Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының «Германия-Орталық Азия» парламент тобының мүшелерімен кездесті.

Онда Өзбекстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы, атап айтқанда, парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сұхбат  кезінде айтылғанындай, дәл қазір Өзбекстан мен Германия арасындағы барлық бағыттарда, сондай-ақ  сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық қарым-қатынастары кеңейіп келеді.

Соңғы жылдары екіжақты парламентаралық байланыстардың қарқыны айтарлықтай артқанын айта кеткен жөн. Германия тарапы да ынтымақтастыққа деген құлшынысы артты. Әрине, бұған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың ашық және сындарлы  прагматикалық сыртқы саясаты үлкен серпін берді.

2019 жылдың 21 январында  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың Германияға ресми сапары аясында Германия Бундестагының сол кездегі басшысы Вольфганг Шойблемен кездесуі парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызы ерекше болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Германия Бундестагымен қол қойылған ынтымақтастық  туралы түсіністік меморандумы парламенттер арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негізін қамтамасыз етті.

Сенат Төрайымы Т.Нарбаева неміс парламентаризімінің бай тәжірибесі мен дәстүрлеріне тоқталып, Өзбекстан мен Германия арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту қажеттігін, оның маңызды бағыты Еуропа Одағының  «Inter-Pares»  жобасы аясындағы өзара ынтымақтастық екенін атап өтті.

Т.Нарбаева,  парламенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін арттыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге байланысты Өзбекстан аумақта осы бағдарламаға қатысқан бірінші мемлекет болғанын атап өтті.

Кездесуде тараптар мұндай кездесулер форматы Өзбекстан-Германия қарым-қатынастарындағы өзара тиімді және көп қырлы ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа кезеңнің бастауы болып табылатынын тілге тиек етті.

Өз кезегінде,  «Германия-Орталық Азия» депутаттар тобы төрағасының орынбасары Робин Вагенер Германия Орталық Азия аймағының негізгі мемлекет —  Өзбекстанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Германияның өзара мүдделі байланыстарды орнатуда айтарлықтай деңгейде  Өзбекстанда жүзеге асырылған әлеументтік-сааяси реформалардың нәтижелері, жүзеге асырылған ашықтық саясаты, сыртқы экономикалық қызметтің түбегейлі ырықтандырылуы, заңдылықтың жетілдірілгені, шетелдік және жергілікті кәсіпкерлер үшін жасалған қолайлы жағдайлар жан-жақты көмектесті.

Робин Вагенер, сондай-ақ, Бундестаг пен Өзбекстан Олий Мажлисінің Сенаты арасында тығыз парламентаралық байланысты жолға қоюға бағытталған делегациялардың Германия мен Өзбекстанға өзара сапарларын жүзеге асырғанынан мүдделі екенін білдірді.

Кездесуде Еуропа Одағының парламент әлеуетін күшейту бойынша «Inter-Pares»  жобасын жүзеге асыруда парламент қызметі саласында тәжірибе алмасу, тиісті комитеттер мен достық топтардың жетекшілері деңгейінде парламентаралық байланыстарды жандандыру, халықаралық парламент ұйымдары аясында тараптардың  ұстанымдарын өзара қолдап-қуаттау және үйлестіруге келісілді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.