Сенат оппозицияның құқықтарын кеңейтуге қатысты заңды мақұлдады

    Ел назарында 26 Iyun 2025 873

    Олий Мәжіліс Сенатының сегізінші жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжыттарына парламенттегі оппозицияның кепілденген құқықтарын кеңейтуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң талқыланды.

    Соңғы жылдары елімізде сөз еркіндігінің ортасы қалыптасып, халықтың мүддесі мен саяси ерік-жігерін еркін білдіруіне құқықтық негіз нығайып, саяси партиялардың қоғамдағы рөлін одан әрі күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Осы Заң сөз еркіндігін қамтамасыз етуде, саяси партиялардың қоғамдағы орнын одан әрі нығайту мақсатында әзірленіп, Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен саяси партиялардың қызметіне қатысты 5 заңға қатысты өзгертулер мен қосымшалар енгізілуде.

    Осыған орай, өзін парламентте оппозиция деп жариялаған саяси партия фракциясына заң жобасы екінші оқылымда қаралғанға дейін де сол мәселе бойынша заң жобасының немесе оның құрамдас бөліктерінің баламалы нұсқасын енгізуге қосымша құқық берілуде.

    Сондай-ақ, бұл фракцияның өкілдері Олий Мажлистің Заң шығару палатасының бір комитет төрағасы және екі комитет төрағасының орынбасары лауазымдарын кепілді түрде иелеуі, әр тоқсан сайын «үкімет сағаты» және парламенттік сауал аясында мәселе енгізетіні де қарастырылған.

    Сенаторлар аталмыш Заңды өмірге енгізілуі заң шығармашылығы мен парламенттік бақылаудың тиімділігін арттыруға және Олий Мажлистің Заң шығару палатасындағы оппозицияның кепілдік берілген құқықтарын кеңейтуге қызмет ететіні айтылды.

    Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates