Сұхбат кезінде екіжақты ынтымақтастық байланыстары, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында Өзбекстанда атқарылып жатқан жұмыстарды, парламентаралық ынтымақтастықты, әйелдерді қолдау, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатысуын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу басында Сенат Төрағасы қонақты шынайы құттықтап, елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалар, тату көршілік қарым-қатынастар, әйелдерді қолдап-қуаттау шеңберінде жаратылған жағдайлар, адам құқықтарын қорғау, адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күресу, заңды жетілдіру туралы жүргізілген істер мен нәтижелерін жақыннан таныстырды.
Сонымен бірге, сұхбат кезінде 2021 жылдың 23-24 июнь күндері Бұхара қаласында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі парламентаралық жаһандық ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық форум өткізілгеніне де тоқталып өтті.
Өз кезегінде, Амина Мухаммад та соңғы жылдары Өзбекстанда болып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, бұл істер халықаралық аренада кеңінен танылып жатқанын жеткізді. Әсіресе, әйелдерді қолдап-қуаттау барысында Өзбекстан Орталық Азия аумағында жетекші ретінде белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Бұдан кейін тараптар атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.









