Сенат төрайымы БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарымен кездесті

    Үстіміздегі жылдың 15 мартында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Кездесуде елімізде болып жатқан конституциялық реформаларға қатысты маңызды саяси-құқықтық үдерістер туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, жаңа редакциясының Конституциялық жобасы екі кезеңде халықтың ой-пікірлері мен ұсыныстары зерделеніп, халықтың барлық бөлімдері мен қалың жұртшылықтың қатысуымен жалпыхалықтық талқылауы арқылы дайындалғаны айтылды.

    Кеше Сенаттың кезекті жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша Өзбекстан Республикасының референдумын өткізу туралы» қаулысы қабылданды және оған сәйкес, референдум 2023 жылдың 30 апреліне белгіленгені айтылды.

    Сұхбат кезінде БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша ереже мен келісімшарт жасайтын органдары арқылы елдердің халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда парламенттің рөлін арттыру, сондай-ақ мәселелер туралы ынтымақтастықты орнату жөнінде пікір алмасылды.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы өз сөзінде БҰҰ мен оның мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері маңызды екенін айтып, оның пікірінше, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы қызметін басқару үшін жауапты болған негізгі саналған БҰҰ Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарының басқармасымен конструктивті байланыстарды одан әрі кеңейту, атап айтқанда парламент мүшелерінің адам құқықтары саласындағы әлеуетін нығайтуға бағытталған өзара диалогтың тиімді екенін атап өтті.

    Фолькер Тюрк өз кезегінде Өзбекстанда гендерлік теңдікті пен әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды жан-жақты қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Өзбекстанның қақтығыс аймақтарынан әйелдер мен балаларды қайтаруы және оларды қоғамға қайта бейімдеу іс-әрекеттерін жоғары бағалап, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көптеген елдерге үлгі екенін атап өтті.

    Сондай-ақ, сұхбат кезінде әйелдердің қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлін күшейту, әлеуметтік инклюзивті орта мен азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелеріне назар аударылды.

    Сындарлы және іс жүзіндік рухта өткен кездесу соңында қоғамда адам құқықтарын сенімді қорғау механизмдерін іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайту келісілді, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates