Сенат Төрайымы Иран Ислам Республикасының еліміздегі Елшісін қабылдады

    Үстіміздегі жылдың 4 прельде Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мухаммадали Искандариді қабылдады.

    Өзбекстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен оларды дамыту болашақтары, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшылары арасындағы тұрақты диалог, өзара сапарлары мен кездесулері түрлі салалардағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге маңызды серпін бергені ерекше атап өтілді.

    Диалог барысында тауар айырбастау көлемі 2023 жылы 503,4 миллион долларды құрағаны, бұл екі елдің әлеуетіне жалпы жауап бермейтіні, осы көрсеткішті бірнеше есеге арттыру мүмкіндіктерін қарастыру қажет екені айтылды.

    Көліктік логистикасы, медицина және фармацевтика, техникалық инженерлік, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастық үшін пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер бар екені және бұл бағыттағы жобалардың екі тарап үшін де бірдей тиімді екені айтылды.

    Парламентаралық байланыс елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың іс жүзіндік механизмі екендігін негізге ала отырып, достық топтары мен комитеттері дәрежесіндегі диалогтардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өзара сапарларды жандандыру жөнінде пікір алмасылды. Жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара келісімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуде парламенттердің әлеуетін іске қосудың маңыздылығы атап өтілді.

    Халықаралық ұйымдар аясында да сындарлы ынтымақтастықты дамытуға келісілді.

    Достық және ісжүзіндік рухта өткен кездесу соңында Елші алдағы жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру үшін бар білімі мен әлеуетін жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates