Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық байланыстарды дамыту мен жаңа басқышқа көтеру мәселелері қаралды.
Тараптар өзара сауда айналымының көрсеткіші екі елдің әлеуетін білдірмейтінін, кәсіпкерлер арасында біріккен бизнес жобаларды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Диалог барысында ғылым, білім, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық, елдердің туристік әлеуетін одан әрі кеңірек пайдалану бойынша іс жүзіндегі іс-әрекеттерді бірлестіру бойынша пікір алмасылды.
Сұхбат барысында парламентаралық диалогты өзара сапарлар арқылы жандандыру, екі елдің заң шығару органдарының тиісті комитеттері арасында тәжірибе алмасу мен тығыз қарым-қатынасты орнату маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында дипломат екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін бар мүмкіндігін жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.