Сенат Төрайымы мен сенаторлар «Эл-юрт умиди» қорының стипендиаттарымен кездесті

    Ел назарында 26 Iyul 2023 1500

    Жақында «Эл-юрт умиди» қоры өткізген стипендия байқауының қорытындысы қортындыланды. Байқаудың нәтижелері бойынша 154 дарынды және болашағы зор жастар Қор стипендиясының иесі деп табылды.

    Кеше Сенат Төрайымы Нарбаева мен сенаторлар «Эл-юрт умиди» қоры стипендиаттарының Олий Мажлис Сенатына сапары аясында олармен ашық диалог жүргізді. Стипендиаттар Сенат қызметімен, оның құрамымен, сенаторлармен, заңдылықтағы болып жатқан өзгерістермен танысты.

    Кездесуде Сенат Төрайымы Т. Нарбаева «Эл-юрт умиди» стипендиясы байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтап, Мемлекет басшысының басшылығымен кәсіби, терең білімді, заман талабына сай ойлайтын және отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жаңа ұрпақ кадрларды қалыптастыруға барлық жағдай жасалып жатқанына айрықша тоқталды.

    Айтылғандай, әрине, Мемлекет басшысының басшылығымен жастардың шетелде грант негізде білім алуына қолдау көрсету өзінің жоғары нәтижесін беруде. Қазіргі таңда қор есебінен 500-ге жуық стипендиаттар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Жапония, Испания, Оңтүстік Корея және тағы басқа да дамыған елдердің ең беделді білім беру және ғылыми-зерттеу, инновациялық және тәжірибелік орталықтарында білім алуда. Осы көрсеткіштердің барлығы Өзбекстанда интеллектуалды дамыған жастардың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

    Сұхбат барысында стипендиаттар Сенат Төрайымына түрлі тақырыптар бойынша ұсыныстарын айтып, өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды. Атап айтқанда, жастар тарапынан киберқауіпсіздікке қатысты заңдарды жетілдіру, әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жаңа платформаларды құру сынды бірқатар ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.