Диалог барысында Өзбекстан Республикасының БҰҰ-мен және оның мамандандырылған мекемелері, сонымен қатар БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша аймақтық орталығымен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Атап өткендей, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 2017 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясында Орталық Азия аймағында тыныштық пен қауіпсіздікті нығайтуға, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы идеялар мен бастамаларды алға тартқан еді.
Бұл бастамалар Самарқантта болып өткен «Орталық Азия: бірегей тарих және жалпы болашақ, тұрақты даму мен өркендеу жолындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық конференцияда тұтас бағдарлама ретінде ұсынылды. Бұл Орталық Азия елдері басшыларының кеңесулер кездесуін ұйымдастыруға негіз болды.
Бүгінде аймақ елдерімен барлық салаларда, атап айтқанда, парламенттер арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Үстіміздегі жылдың 9-10 февраль күндері Қазақстан Республикасының Түркістан қаласында өткен Орталық Азия елдерінің бірінші парламентаралық форумы да осы үдерістегі парламенттердің рөлін арттыруға қызмет еткенін тілге тек етті.
Кездесу барысында Сенат Төрайымы Т.Нарбаева Наталья Германға оның миссиясы барысында Өзбекстанның аймақтық орталығымен өзара ынтымақтастығы айтарлықтай жанданып, қарым-қатынастар сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілгенін ерекше атап өтті.
— 2017-2022 жылдары БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша аймақтық орталығымен тығыз ынтымақтастықта Өзбекстанда бірқатар маңызды халықаралық бастамалар мен жобалар нәтижелі жүзеге асырылды. Біз достық пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайту, аймақтық сипаттағы бірқатар өзекті проблемаларды шешуде орталық ұжымымен тығыз және сындарлы ынтымақтастықты жалғастырамыз, – деді Сенат Төрайымы.
Өз кезегінде, Наталья Герман Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелеріне тоқталып, Өзбекстанның жетекші бастамашылдығына Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық белсенді түрде жанданғанын жоғары бағалады. Аймақтағы өзара белсенді ынтымақтастық пен сындарлы талқылау форматын алға тартқан Өзбекстан бауырлас елдер арасындағы түрлі мәселелердің шешілуінде және аймақтық серіктестікті дамытудағы басты рөлін ерекше мойындады.
Достық және іс жүзіндегі рухта өткен диалог барысында қауіпсіздіктің, тұрақты дамудың, адам құқықтарын қорғау мен ынталандыру, сондай-ақ бейбітшілікті нығайтудың жаһандық поблемаларын шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі күшейту болашағы туралы пікір алмасылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.