Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасында барлық салаларда өзара тиімді көпжақты ынтымақтастық орнатқаны белгілі. Барлық деңгейдегі диалогтар дәйекті түрде жалғасуда. Экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды кеңейту жөнінде бірқатар келісімдерге қол жеткізіліп, осы бағыттар бойынша маңызды іс-шаралар атқарылуда. Соңғы жылдары Еуропа тарапы ұсынған «GSP+» тәртібіне орай  өзара сауда көлемі қарқынды өсуде.

Еуропа парламенті депутаты елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдап-қуаттайтынын баса айтты.

Ол Өзбекстанның Орталық Азиядағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті нығайту, әлауқаттылыққа қол жеткізу, адам құқықтары мен азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша іс-әрекеттерді құптады.

Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын оң бағалады.

Елдегі парламентаралық ынтымақтастықтың бар механизмдерін, атап айтқанда, «Өзбекстан-Еуропа Одағы» парламенттік ынтымақтастық комитетін белсенді пайдалану жөнінде пікір алмасылды.

Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы мен Еуропа парламенті арасындағы қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.