Сенатта Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 26 сентябрінде Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің төрағасы Э.Гадоевтың Дүниежүзілік банктің Басқару және қаржылық менеджмент жөніндегі менеджері Адриан Фоззардпен кездесуі өтті.

    Онда Өзбекстандағы мемлекеттік басқаруды реформалау және Дүниежүзілік банктің мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы көмегі, Мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуына орнатылған парламенттік бақылау мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, А.Фоззардқа республикамызда 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Бастамашылық бюджет, бұл үдерістердің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілгені, қоғамдық бақылаумен қатар Сенат тарапынан да парламенттік бақылау жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.

    Сондай-ақ, кездесуде Сенат тарапынан мақсатты бюджеттеу, бюджет үдерісі және әр жылғы «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы» Заңының қаралуы және талқылануы бойынша атқарылып жатқан істерге назар аударылды.

    Өз кезегінде, Дүниежүзілік банк өкілдері Мемлекеттік бюджеттің ашықтығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бұл тұрғыда көмектесуге және озық тәжірибесі бар елдерден білікті мамандарды тартуға дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates