Кездесуде С.Сафоев Жапония елшісінің қызметі нәтижелі болғанын, Өзбекстан мен Жапония арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік байланыстың дамуы мен нығаюына үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, диалог барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.
Сұхбат барысында Президенттің 2019 жылғы Күн шығар елге жасаған тарихи сапары Өзбекстан мен Жапония арасындағы өзара стратегиялық серіктестік байланыстар үшін жаңа көкжиектер ашқаны баса айтылды.
Кездесу соңында Жапон елшісі алдағы уақытта екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға белсенді түрде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.