Әңгіме барысында Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы балалар құқығын қорғау, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, инклюзивті және сапалы білім беруді енгізуге бағытталған ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау, инклюзивті жобаларды жүзеге асыру, салалар бойынша кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған халықаралық форумдар мен шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.
Кездесу соңында ісжүзіндік жобаларды жүзеге асыру арқылы Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы конструктивті және тиімді ынтымақтастықты нығайтуға келісілді, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.








