Сенаттың 35-жалпы жиналысы өтеді

    Ел назарында 17 Noyabr 2022 1388

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Кеңесінің кезекті жиналысы өтті. Оны Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Жиналыста Сенаттың отыз бесінші жалпы отырысын 2022 жылғы 18 ноябрьде шақыру туралы шешім қабылданды.

    Атап өткендей, алдағы жалпы жиналыста бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.

    ТМД ПА-ның 2022 жылғы 27-28 октябрь күндері Самарқантта өткен күзгі сессиясының қорытындылары, «Мемлекеттік кеден бажы туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», «Әйелдер мен ерлер үшін теңдей құқық пен мүмкіндіктердің кепілдіктері туралы», «Корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына тұтқындардың құқықтары мен заңды мүддесін сенімді қорғауға қаратылған өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдар солардың қатарында.

    Сондай-ақ кезектегі жалпы жиналыста «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына тұтқындардың құқықтары мен заңды мүддесін сенімді қорғауға қаратылған өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», Измир Келісімшартын (Измир, 1996 жылғы 14 сентябрь) ратификациялау туралы», сондай-ақ «Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасында әскери Бітімді (Ташкент, 2022 жылғы 29 март) ратификациялау туралы» заңдарды да қарауды жоспарлаған.

    Бұдан тыс, жалпы жиналыста 2022 жылдың тоғыз айы қорытындысы бойынша Мемлекеттік бюджеттің орындалуы мен 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында” жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша Министрлер Кабинетінің есептері қаралады.

    Ташкент облысында және Ташкент қаласында жаңа жұмыс орындарын жарату мен халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған істерді үйрену нәтижелерін де сенаторлар талқылады.

    Сонымен қатар жалпы жиналыста өзендердің жағауларын тазалау және нығайту, руда емес пайдалы қазбаларды қазып алудың қоршаған ортаға, су мен жол шаруашылығы нысандарына кері әсері туралы Министрлер Кабинетіне жіберілген парламенттік сауалнаманың нәтижелері қаралады.

    Жалпы жиналыс аясында Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының орынбасарын сайлау, Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің қаулыларын бекіту туралы мәселелерді қарау да көзделген.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates