Оған Алмазар аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаттары, махалла азаматтар жиынының төрағалары, ұйым мен мекеменің жауапты қызметкерлері, аудан белсенділері мен қоғам өкілдері қатысты.

Жиында Олий Мажлис Сенатының жиырма үшінші жалпы мәжілісінде мақұлданған заңдардың мазмұны, атап айтқанда, “Азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық кепілдіктерін одан әрі күшейтуге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы”  Заңның мән-мазмұны түсіндірілді.

Осы Заңмен Еңбек, Азаматтық және Салық кодекстеріне, сондай-ақ қолданыстағы «Азаматтарды мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы туралы» заңдарына өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен қосымшаларлар халықты әлеуметтік қорғауды одан әрі күшейтуге және азаматтар мен бизнестің әлеуметтік-экономикалық құқықтарының кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022-жылдың 27 январьдағы «Қызмет көрсету саласын дамыту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-104-санды қаулысының маңыздылығы туралы пікір білдірілді.

Айтылғанындай, 2022 жылы қызмет көрсету саласын дамыту арқылы  Қарақалпақстан Республикасы және облыстарда  әрбір аудан және қала кесімінде (Ташкент қаласын қоспағанда) 73 730 жаңа қызмет көрсету  нысанын ұйымдастыру бойынша  937 000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Сондай-ақ қызмет көрсету аясын кеңейту және сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша үстем міндеттердің орындалуында парламент бақылауын жолға қою туралы да ақпарат берілді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Ақпарат қызметі.