Шағын несие көлемі 100 миллион сумға дейін өсіріледі

    Қаржы 13 Noyabr 2023 386

    2023 жылғы 10 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Президентінің «Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы микроқаржы қызметтерiнiң рөлi мен үлесiн арттыру жөнiндегi қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-364-санды қаулысы қабылданды.

    Осы қаулыға сәйкес, 2024-2026 жылдары төмендегі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған микроқаржы қызметтерінің әмбебаптығын арттыру бағдарламасы іске асырылады:

    - микроқаржыландыру базарының көлемін кемінде 5 есеге арттыру;

    - микроқаржы қызметтерімен 1 миллионнан астам кәсіпкерлерді қамту;

    2024 йил 1 январдан:

    - микроқаржы ұйымдары ресурстық базасында жеке тұлғалардан алынған қаржылар көлемін екі есеге арттыру;

    - микроқаржы қызметтерін көрсету арқылы ресми кірісі жоқ 500 000-ға жуық азаттарды өзін-өзі жұмыспен қамту мен бизнесін дамытуға көмектесу.

    2024 жыл 1 январдан:

    - шағын несиенің ең жоғары мөлшері 50 миллион сумдан 100 миллион сумға дейін артады;

    - банктік емес несие ұйымдары акционерлік қоғамы немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде ұйымдастырылады;

    - микроқаржы ұйымдарына резидент болмағандардан шетел валютасындағы несие қаражаттарын тартуға және заңды тұлғаларға шетел валютасында қаржылық қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

    - жеке тұлға болып қатысушылардан (акционерлерден) жарғылық қорға (жарғылық капиталына) енгізілген үлес сумасының немесе оларға тиесілі акциялардың номиналды құнынан екі есе аспайтын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға рұқсат беріледі;

    - микроқаржы ұйымдары тиісті лицензия алғаннан кейін төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға құқылы болады;

    - жеке және заңды тұлғалардың банктік емес кредиттік ұйымның жарғылық капиталындағы үлесті иеленуіне Орталық банктің алғашқы рұқсатын алу талабы заңдылықта белгіленген 10 пайыздық үлесті 20 пайызға арттыру арқылы жеңілдетілетін болады.

    Бұл ретте, алынған мөлшері 10 пайыздан 20 пайызға дейін болғанда Орталық банкке хабарлау тәртібі енгізіледі;

    - микроқаржы ұйымдарына коммерциялық банктерден несие ресурстарын тарту немесе кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдарынан микронесие алған кезінде «Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы» АҚ кепілдігін беру мүмкіндіктері жасалады;

    - коммерциялық банктерге микроқаржы ұйымдарына кредит беруде олардың көрсетілетін микроқаржы қызметтері бойынша талап ету құқығын кепілдікке алу құқы беріледі.

    2024 жылдың 1 апрельге дейін микроқаржы қызметтері саласында мамандандырылған жаңа микроқаржы ұйымы құрылады.

    2024 жылдың 1 январына дейін микроқаржы ұйымдарының исламдық қаржыландыруға қатысты қызметтер көрсетудің нормативтік-құқықтық базасы әзірленеді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates