Осыған орай ағымдағы жылдың 25-26 апрель күндері бірқатар халықаралық шаралар өтеді.
Беделді шараға ЭЫҰ хатшылығының басшылығы, ұйымға мүше мемлекеттердің туризм агенттіктерінің басшылары мен жауапты тұлғалары, құрметті қонақтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Форум аясында ұйымға мүше мемлекеттердің туризм саласының ресми өкілдерінің қатысуымен екіжақты және көпжақты кездесулер өтеді.
Онда саланы дамытуда өзара тәжірибе алмасу, туындаған проблемаларды шешу жолдарын талқылау, туризм инфрақұрылымын жетілдіру, экотуризм, этнотуризм және басқа да бағыттардағы мүмкіндіктерді пайдалану, туристік кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ жастардың белсенділігін арттыру және осы саладағы жетістіктерді насихаттаудағы іс-шарларды жеделдету мәселелері қаралуы күтіп отыр.
Бұл шарада ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің фольклорлық ұжымдарының қатысуымен «International folk» фестивалі, жас дизайнерлер арасындағы «Modest fashion show» байқауы, танымал аспаздардың қатысуымен «Шахрисабз аспаздық белдесуі», «Халықаралық этноспорттық ойындар» және шетелдік және жергілікті жетекші суретшілердің қатысуымен «пленар» нәтижелеріне арналған көрме өтеді.
Шараның Өзбекстанда өтуі әлем жұртшылығының назарын аударумен бірге елдің туризм мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау жолында ерекше маңызға ие.
Өзбекстандағы туризм саласындағы жүзеге асырылған реформаларды, Шахрисабз қаласының бай тарихы мен мәдени мұрасын ескере отырып, 2022 жылғы 13 декабрьде Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер туризм министрлігінің IV жиналысында Шахрисабз қаласына 2024 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының туризм астанасы мәртебесін берілуі хабарлаған еді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Шараны Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен Туризм комитеті ұйымдастырып отыр.