Шахрисабзге Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 2024 жылдағы туризм астанасы сертификаты тапсырылды

    Шахрисабз қаласына «2024 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туризм астанасы» сертификатын тапсыруға арналған салтанатты шара өтті.

    Шараға Өзбекстанның Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозири, Қашқадария облысының әкімі Муротжон Азимов, Шахрисабз қаласының әкімі Шерзод Буриев, сондай-ақ ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары мен жоғары мәртебелі қонақтар қатысты.

    ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозири Шахрисабз қаласының әкімі Шерзод Буриевке 2024 жылы «Шахрисабз – Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туризм астанасы» мәртебесін растайтын арнайы сертификатты тапсырды.

    Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Кеш қонақтары опера әншілерінің әндерін, жалынды халық билері, сондай-ақ оркестрдің ерекше өнерлерін тамашалауға мүмкіндік алды.

    Шараға қатысушылар назарына ЭЫҰ-ға мүше елдердің білікті дизайнерлерінің қатысуымен «Modest fashion show» сән көрмесі ұсынылды. Оған Иран, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның танымал дизайнерлерімен бірге 5 жергілікті дизайнер қатысты. Дизайнерлер 160-тан астам көйлекті қамтыған тарихи, ұлттық және заманалық бағыттағы коллекциялар топтамын қонақтардың назарына ұсынды, деп хабарлайды, Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates